Еңбек мәселесі талқыланды

2019 жылғы 18 қарашада Қызылорда қалалық сотында «Еңбек пен сақтандыру дауларының алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Осы шараға облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалы ​ өкілдері, қалалық сот судьялары қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын Қызылорда қалалық сотының төрағасы М.Еркінбеков ​ашып, қалалық сот судьясы Ж.Дербисалиева еңбек даулары мен сақтандыру дауларының ​ соттарда қаралуы туралы ақпаратпен бөлісті. ​

Жеке еңбек дауларын сотқа дейін Келісу комиссияларымен шешу ​ мәселесі талқыланып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан Келісу комиссияларының жұмысын жетілдіру, оның жұмысы барысындағы кәсіподақтардың ролін арттыру бойынша ұсыныстары білдірілді.