Елбасы – ел кемеңгері

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлстігінің төрағасы М. Төлепберген Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен кездесіп, «Елбасы – ел кемеңгері» тақырыпта дәріс оқыды.

Тәуелсіздік жылдары ұлтын – алға, ұрпағын – өрге, мемлекетін -мәртебелі биіктерге жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи зор еңбегі жан-жақты айтылды.

Елбасының нұрлы жолы халқымыздың ұлы қасиеттерін байыта түсуге және мемлекетіміздің мұрасы мол мұраттарға жеткізу жолы екені баршаға белгілі. Елбасы еліне, елі Елбасына сенім артып жаңа Қазақстанның тарихын жасады. Әлем деңгейінде мойындалған Дара тұлғаның туған халқымен бірге жасай беретін теңдессіз тарихи еңбегі – Ұлы дала елінің ең жарқын тарихы болып қалады.

Жиынға қатысқан 250-ден астам студент-жастар кездесудің мәнді және әсерлі өткенін өз сөздерінде келтіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Отанымыздың жарқын болашағы үшін жасаған ұлы тарихи қызметін ұдайы мақтан ететін атап көрсетті.