Оралда кәсіподақ ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

ҚР Жоғарғы Сотының «Еңбек дауларының алдын алу» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Орал қаласының №2 сотының судьяларымен, БҚО бойынша кәсіподақ орталығы өкілдерінің қатысуымен, Орал қаласы бойынша кәсіподақ ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру шаралары жалғасуда.

Бүгін БҚО Кәсіподақтар орталығы Орал қаласының №2 сотымен бірігіп, БҚО еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен БҚО денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” МКК ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Орал қаласының №2 сотының судьясы Марина Сахипова, Кәсіподақтар орталығының заңгері З.Тулеугалиева және БҚО еңбек инспекциясы өкілі еңбек дауларының алдын-алуға қатысты мәселелерді талқылап, сонымен қатар еңбек дауларын шешу тәртібі мен жолдары, дауларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі, мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірілді.

Еңбек дауларының алдын-алу және екі тарапқа да тиімді шешу мақсатында сотқа жүгінбестен бұрын кәсіподақ өкілдерінен кеңес алу туралы ақпарат берілді.
Кәсіподақтар орталығының заңгері З.Тулеугалиева өз кезегінде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.