Тоғжанов: «Кәсіподақтың балалар бақшасы жүйесінің Қазақстанда баламасы жоқ»

23 қарашада Ералы Тоғжанов Қостанай облысындағы «Сәби» мектепке дейінгі шағын ведомстволық ұйымдар желісіне кіретін кәсіптік одақтар мүшелерінің балаларына арналған балабақшада болды.

Бұл мектепке дейінгі мекемелер 2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің балаларына арналып ашылған.

Балабақшалардың ашылуы медицина, транспорт, білім, машина жасау, кәсіпкерлік, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі почта байланысы қызметкерлері кәсіподақ мүшелері отбасына әлеуметтік қолдау болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие ісімен айналысатын кәсіподақтар балабақшасында 2 мен 5 жасқа дейінгі 198 бала қамтылып отыр.

Мекеменің жұмыс тәртібі ата-аналарға қолайлы етіп құрылған, ұзартылған жұмыс уақытына арналған, демалыс күні жұмыс істейтін топтар бар. Аптаның қалған күндері балабақшалар 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кәсіподақтар балабақшасының жұмысымен танысқан ҚРКФ басшысы мұндай мекемелердің ауысыммен және арнайы жұмыс тәртібімен жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін үлкен әлеуметтік маңыздылығын жеткізді.

Ералы Тоғжанов Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығының бұл тәжірибесін, осындай әлеуметтік жобаны басқа өңірлердегі кәсіподақтар ұйымдарындағы еңбеккерлер мен олардың отбасыларын қолдау үшін үлгі болуы керек деп атап өтті.