«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығында 2020 жылдың 1 қантарынан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсету жүйесі жөнінде облыстық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлеріне таныстыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның БҚО бойынша филиалының бөлім басшысы Сансызбаев Қуаныш Боранбайұлы баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарын жауап берді. Өз сөзінде Қуаныш Боранбайұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енетін өзгерістерді атап өтті.