Маңызды меморандумның берері көп

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі және Түркістан облысы «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің арасында меморондум жасалды.

Өзара ынтымақтастық аясында бірлестік төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов пен бірлестік президенті Жұмағали Бiлісбеков және бірлестік төрағасы Жамалбек Шәріпбеков маңызды құжатқа қол қойып, алдағы жоспаларын пысықтап алды. Мемлекет пен қоғам институттарының арасында азаматтық диалог алаңын ұйымдастыру бойынша Үкіметтік емес ұйымдар еліміздегі маңызды саяси-қоғамдық шаралардан тыс қалмайды, қоғам үшін тиімді шараларды қос қолдап қолдайды. Бірқатар мемлекеттік орындар үкіметтік емес ұйым­дармен әріптес болып, олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып жүргені де бүгінде қоғамда көптеген проблемаларға тосқауыл болуда.

Бұл ынтымақтастық да келелі мәселелерді берлесіп шешуде маңызы зор болмақ. Ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жүргізуге кіріскен тараптар алдағы уақытта азаматтық қоғамның рөлін көтеруде “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығартын” болады. Еңбек қатынастарындағы заңсыздықтармен бірге күресіп, діни қызмет, мемлекеттік жастар мен отбасылық саясаттың өзара іс-қимыл бағыттары бойынша ортақ шараларды іске асырады. Алдағы уақытта «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастық өкілдері еңбек заңнамасын сақтау және еңбек қатынастарын реттеуде бірге әрекет етеді.

Сондай-ақ мүдделі тараптар осынау ынтымақстастық аясында медиацияны жаңғырту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қоян-қолтық әрекет жасайтын болады.Тараптар алдағы уақытта арнайы семинарлар мен конференция жиындарын ұйымдастырып, тәжірибе алмасып, мәселелерді шешуде бірге ізденетін болады.