Алматы ЖЭС-1 бекіткен ұжымдық шарт өңірдегі ең үздік деп танылды

Жұмыс сапары аясында Ералы Тоғжанов Алматы өңіріндегі ең байырғы кәсіпорындардың біріне – ЖЭС-1 барды.

ЖЭС-1 өндіріс департаменті «АлЭС» АҚ энергия өндіруші ұйымдар құрылымына кіреді.

Кәсіпорында 365 адам жұмыс істейді, олардың 90%-ы кәсіподақтар мүшелері.

ҚРКФ басшысы кәсіпорынның еңбек жағдайымен танысты, қазандық және турбина цехын, сондай-ақ жылу және электр энергиясын технологиялық өндіру процесі болатын басқару қалқанын аралады.

ЖЭС-1 еңбек ұжымымен кездесуде жұмысшыларды әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, кадрларды дайындау, сондай-ақ кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы мәселелер сөз болды.

Компанияның ұжымдық шарты Алматы өңірі бойынша «Парыз-2019» байқауында 1 орын иеленген.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ұжымдық шартқа жұмысшыларға арналған әлеуметтік пакетті жақсарту бойынша бірқатар толықтырулар енгізілген.

Біріншіден, жұмысшылардың денсаулығына баса назар аударылды. Осылайша, жұмысшы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы артты, еңбекке жарамсыздық парағын төлеу 30 АЕК дейін жүзеге асырылады, ал еңбек заңнамасында 15 АЕК көрсетілген.

Ұжымдық шарт бойынша жылдың басынан жұмысшылардың жалақысы 5%-ға индекстелді. Сонымен қатар, бүгінде оны 10 пайызға арттыру туралы сөз қозғалуда.

Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ жұмысшылары еңбек сіңірген жылдар үшін 60 АЕК шамасында сыйақы алады.

«АлЭС» кәсіподағы» филиалының мүшелері еңбек ұжымдарымен өзара байланысты берік орнатқан, еңбек ұжымдарының әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша өтініштері мен өтінімдерін үнемі қарастырып отырады, жұмысшыларды арнайы жұмыс киімімен, аяқ киіммен және өзге де жеке қорғау құралдарымен жабдықтау мәселесіне жіті көңіл бөледі, қажетті құқықтық көмек көрсетеді.

Кездесу барысында ҚРКФ басшысы кәсіпорынның еңбек жағдайы мен кәсіподақ ұйымының әлеуметтік әріптестермен бірге атқарып жатқан қызметін жоғары бағалады.

«АлЭС»-тің әлеуметтік пакеті ең үздік болып саналады. «АлЭС» кәсіподағы мен басшылығы Еңбек адамын қолдау және мәртебесін арттыру үшін елеулі жұмыс атқарып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Кездесу соңында кәсіпорынның үздік жұмысшылары ҚРКФ алғыс хаттарымен және айрықша белгілерімен марапатталды.

Осы күні Ералы Тоғжанов азаматтармен қабылдау өткізді. Қабылдау барысында еңбек қатынастары мәселелері қаралып, әлеуметтік жобалар таныстырылды.

Кәсіподақ белсенділері Ералы Тоғжановқа ҚРКФ базасында «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін» және «Балаларды сауықтыру мекемесін» құру бойынша бастамалар ұсынды.

Бизнес өкілдері «Тұтынушылар кооперативі», «Кәсіподақтың қосалқы фермерлік шаруашылығы» жобаларын бірлесіп жүзеге асыру туралы идеясын жеткізді.

Сонымен қатар, азаматтар зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысшылар тарапынан еңбек заңнамасының бұзылуы және т.б. мәселелерге алаңдаушылық білдірді.

ҚРКФ басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, әр мәселе жан-жақты зерттелетініне және кәсіптік одақтар тарапынан оларды шешуге қолдау көрсетілетініне сендірді.