«АлЭС» АҚ кәсіподақпен бірлесіп қаза тапқан энергетиктің көп балалы отбасына пәтер сыйлады

Алматыға жұмыс сапары аясында ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов көлік апатынан қаза тапқан энергетик Ізбасар Алматаевтың жесірімен кездесті. Қайғылы жағдай биылғы жылдың тамыз айында 33 жастағы энергетик іс-сапардан келе жатқанда болған.

Жолдасынан айырылған Жұлдызай Алмаханова төрт баласымен жесір қалғанда қолындағы ең кішісі 7 айлық қана болатын.

Алматы облыстық еңбек инспекциясы басқармасы тағайындаған комиссия бұл жағдайдың қаза болған жанның еңбек қызметіне қатысты емес деп тапқанмен, «АлЭс» басшылығы мен кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы шешімімен қаза тапқан энергетиктің отбасына Алматыдағы жаңа тұрғын – үй кешенінен екі бөлмелі пәтер берілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматаевтар отбасы өздерінің алғашқы жекеменшік пәтерлеріне көшеді.

ҚРКФ басшысы «өзгенің қайғысы болмайды»,- деп атап өтіп, «АлЭс» АҚ әлеуметтік әріптестері мен кәсіпорындағы бастауыш кәсіподақ ұйымына компанияның көпбалалы отбасына көрсеткен қамқорлығы мен қолдауына ризашылығын білдірді.