Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясын қолдайды

25 қараша  1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының жариялауымен Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күні болып белгіленді.

Жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» өтеді. БҰҰ ұсынысымен қоғам назарына осы мәселеге аудару мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбек ететін әйелдер комиссия мүшелері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында» болып,  зардап шеккен әйел адамдармен сұхбаттасып, шағын семинар өткізді. Комиссия төрайымы Ганди Шамкелова қоғам мен мемлекеттің ​ отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді саясатты іске асыру бағытындағы бірлескен шаралары туралы атап өтті. Белсенді комиссия мүшелері «Жайық дауысы» ҚБ төрайымы Қ.Х.Муканова, «Зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық қоғам» ҚБ педагог-психологы М.Ж.Хайрушева, зорлық-зомбылыққа қарсы әйелдер құқығын қорғау бойынша аға инспектор Ш.Д.Капаева шарада акцияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін айшықтай отырып, психологиялық кеңестер, тұрақты жұмысқа орналасу, АСП, алимент төлеу мәселелері бойынша семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.