Талдықорғанда «1С бағдарламасы» оқытылды

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйтқы болуымен «Кәсіподақ ұйымдарындағы салық төлеудің ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар өтті.

Оған Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының САЭБ бөлімінің бас маманы Салтанат Сәбдікенова, Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанболат Уксукбаев және аудандық, қалалық филиалының есепшілері қатысты.

Шараны облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров ашып, үш жылға жуық кәсіподақ филиалдары «1С бағдарласына» ауысып, кәсіподақтың қаржылық-шаруашылық жұмыстары жүйеленгенін және кәсіподақ жарнасының мақсатты жұмсалғанын айтып, есепшілердің біліктілігін арттыру үшін семинар сабағы өткізіп отырғанын жеткізді.

Келесі кезекте сөзді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары Салтанат Сәбдікенова мен Жанболат Уксукбаев алып, ҚР салық кодексіне түсініктеме беріп, кәсіподақтағы салық төлеу мәселелеріне тоқталып, толық түсініктеме берді.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің бас есепшісі Айгүл Арымбаева биылғы жылдың он айлығына қорытынды жасап, «1С бағдарламасының» тиімді жақтарына тоқталып, біліктіліктерін арттырды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарының есепшілері сұрақтарын қойып, толық жауап алды.