Сала ардагерлері бас қосты

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің отырысы өтті.

Алқалы жиында педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, алға қойған мақсат- міндеттер айқындалды.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының өзектілігі мен маңызды құжаттың негізгі басымдықтарына тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ХIV Съезд шешімдерін орындау бойынша туындаған мәселелер, ұстаздар қауымының мәртебесін арттыруға, мүддесін қорғап, əл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы төңірегінде сөз қозғалды.

Кеңес отырысына Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына қарасты аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары, педагогикалық еңбек ардагерлері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Соңында педагогикалық еңбек ардагерлерінің белсенді мүшелері облыстық ұйымның Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.