«Қарағанды жолдары» АҚ-да бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Кәсіподақ Орталығы төрағасының орынбасары Абай Сабденов пен құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов «Қарағанды жолдары» АҚ-ның үш учаскесінің ұжымдарымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында ұжым мүшелеріне еңбекті қорғау, жұмыс орындары тарапынан қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы кәсіподақтар Федерациясының алатын орны туралы айтып берді.

Кездесулер қорытындысы бойынша кәсіпорын ұжымы, жалпы саны 63 адам, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Өткен жиналыста «Қарағанды жолдары» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Қарқаралы бөлімінің аға шебері Самат Слямбеков сайланды.