Тәуелсіздіктің тірегі – Еңбек адамы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өңірдегі ең ірі өндірістік кәсіпорын «Казфосфат» ЖШС ұжымында салтанатты жиналыс өтті.

Алып зауыттың мәжіліс залында өткен жиында облыс әкімінің орынбасары, облыстық үшжақты комиссияның төрағасы Н.Кәлендеров, кәсіпорынның Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері М.Ескендіров құттықтау сөз сөйледі.

Өз кезегінде сөз сөйлеген Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген еліміздің егемендік алу жолындағы қиын-қыстау кезеңдерден бастап, қазіргі таңға дейінгі мезетте Қазақстанның өркендеу тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар, алып еңбек ұжымының ел экономикасының дамуына қосып отырған қомақты рөліне жоғары баға берді. Бұл алып кәсіпорында 6 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі болса, биыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының шешімімен кәсіпорынның басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері М.Ескендіров «Үздік әлеуметтік әріптес» сыйлығына ие болды.

Мерекелік салтанатты жиында кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелеріне Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің арнайы сыйлықтары мен марапаттары табысталды.