Жас мұғалімдер арасында жарыс өтті

Қызылорда облысы Б. Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Келешек жастар кеңесінің қолдауымен баскетбол және үстел теннисінен жас мұғалімдер арасында жарыс өткізілді.

Шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұранының шырқалумен бастау алды. Жарыстың ашылу салтанатында №217 IT-мектеп-лицейінің директоры Галина Ақназарова қатысушыларға сәттілік тілеп, Облыстық кәсіподақтар орталығының орынбасары Марат Бәйімбетов Тәуелсіздіктің тұғырлы мерекесімен құттықтап, ыстық ықыластарын білдіртті.

Спорттық сайысқа №1,43, 171, 187, 197, 212, 217, 222 қалалық мектептерінің мұғалімдері қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысымен жеңімпаздарға ойын кубогы мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің дипломдары тапсырылды.