Ералы Тоғжанов еліміздің кәсіподақтар қозғалысының белсенділерін әлеуметтік әріптестікті дамытуда Ақтөбе облысының тәжірибесін қолдануға шақырды

Бүгін ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аяқталды. Ол іссапар соңында салалық кәсіподақтар филиалдары және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен облыстың кәсіподақ активімен кездесу өткізді.

Федерация төрағасы шағын және орта бизнес кәсіпорындарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттігін атап өтті.

«Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бірінші кезекте кәсіпорындар мен мекемелердегі кәсіподақ ұйымдарымен жүзеге асырылады. Біздің алдымызда кәсіподақтар қозғалысының негізгі буыны ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының санын арттыру туралы міндеті тұр» – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын базалық платформа – кәсіпорынның «конституциясы» болып саналатын ұжымдық шарттарды бекіту арқылы қорғау маңызды.

«Бүгінде Ақтөбе облысында жұмыс істейтін 12 724 кәсіпорында 8 787 ұжымдық шарт бекітілген, қамтылу деңгейі – 69,1%. Осы бағытта шағын бизнес саласында ұжымдық шарттарды бекіту жұмыстарын өзектендіру қажет. Бүгінде бұл салада бекітілген ұжымдық шарттар саны – 68,3%» – деді Ералы Тоғжанов.

Өндірістік жарақат пен кәсіби аурулар деңгейін азайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде бұл мәселелер кәсіподақтар мен әлеуметтік әріптестердің тұрақты бақылауында. Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылардың денсаулығына зиянды еңбек жағдайы бар.

«2019 жылғы 9 ай ішінде республика бойынша өндірісте жазатайым оқиғалардан 943 адам зардап шегіп, 111 жұмысшы қаза болды. Ақтөбе облысында осы аралықта 68 адам зардап шегіп, оның 11-і қаза тапты», – деді ҚРКФ төрағасы.

ҚРКФ басшысы Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы «Халықтық бақылау» пилоттық жобасын үлгі ретінде атап өтті.

«Халықтық бақылауды республика бойынша жүзеге асыру қажет», – деп атап көрсетті Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ, ол осы тәжірибені зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындарға енгізу қажеттігін айтты.

Ақтөбе облысының кәсіпорындарында 812 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың 80%-ы кәсіподақтардың бастамасымен құрылған. Кәсіподақтардан 1,5 мың техникалық инспектор қоғамдық бақылау жүргізеді.

Жергілікті еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар 2019 жылы 3 мыңнан аса тексеріс өткізіп, 7 мыңнан аса еңбекті қорғау жөніндегі заң бұзушылықты анықтады. Облыс кәсіпорындарының 12 %-да ғана өндірістік кеңестер жұмыс істейді және бұл – жақсы көрсеткіштердің бастамасы.

Сонымен қатар, ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов өз сөзінде кәсіподақтардың еңбек даулары мен кикілжіңдердің алдын алу және шешу жұмыстарына, өндірісте денсаулығына зиян келген жұмысшыларға өтемақы және ҚР қарызды еңбекті қолдануды заңнама тұрғысында реттеу мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев еңбек дауларының алдын алу бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлескен іс-әрекеттер алгоритмін таныстырды.

Мұнда дағдарысқа қарсы штаб және жергілікті үшжақты комиссия отырыстарын жүйелі түрде өткізу, шұғыл ақпаратпен алмасу және бірқатар кешенді іс-шаралар қамтылған.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік негізінде ашық есік күндері тұрақты түрде өткізіліп, мониторинг тобы жұмыс істейді.

ҚРКФ төрағасы біріккен іс-әрекеттер алгоритмінің тиімділігін атап өтті.

Ералы Тоғжанов осы форматтағы әлеуметтік әріптестікті өзге де өңірлерге тарату қажеттігі туралы пікір айтты.

Кездесу соңында Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының төрағасы Ғабит Садықовты «Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін» ҚРКФ төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде Ақтөбе облысында 1 175 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді, 130 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Жұмыс істейтін кәсіпорындар санын (12 724) ескере отырып, кәсіподақ мүшелігімен қамтылу деңгейі облыстағы кәсіпорындардың 9 %-ын ғана қамтиды.