«СНПС-АйДан Мұнай» акционерлік қоғамында Ұжымдық шартқа қол қойылды

«СНПС – АйДан Мұнай» акционерлік қоғамы кәсіподақтары мен компания басшылығы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық Шартқа салтанатт түрде қол қою рәсімі өтті. ​ Шараға облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрайымы Алтынхан Искакова, кәсіпорынның жұмыскерлері, кәсіподақ белсенділері қатысты.

​ Ағымдағы жылы ​ компанияда жұмыскерлер бастамасымен екі кәсіподақ ұйымы құрылып, жұмыс жасауда.​ Ұжымдық шарт жасасу кезеңінде кәсіподақ ұйымдары ортақ орган құрып, жұмыскерлердің еңбек-әлеуметтік мәселелерін жұмыс берушіге жан-жақты жеткізіп, келісімдер жүргізді. ​ Ұжымдық шарт жобасы жұмыскерлер арасында, тараптар ортасында бірнеше мәрте талданып, талқыланды. Келіссөздер нәтижесімен қол жеткізілген Ұжымдық шартта жұмыскерлерге ​ мерекелік сыйақылар, Халықаралық әйелдер күніне, Балаларды қорғау күні мен Білім күніне арналған, отбасын құрғанда, ​ басқа да жағдайларға байланысты жәрдемақылар, ​ еңбеккерлерге сауықтыру-демалу орындарына 50 пайыздық көлемде жеңілдік, балаларына тынығу лагерлеріне 100 пайыздық жеңілдіктер қарастырылды.

Сонымен қатар, келісімде қосымша жұмыс атқаратын жұмыскерлерге төленетін төлемдер, компанияда үздіксіз жұмыс атқаратын жұмыскерлерді ынталандыру ақылары және жалақыны индекстеу тәртіптері айқындалды.

Салтанатты рәсімде Ұжымдық Шартқа акционерлік қоғамның Президенті Чжу Айцзюнь, кәсіподақ төрағалары Алмас Нұрғалиев және Ғалым Жұптыбаев​ қол қойды