Еңбек дауын соттан тыс реттеу – өзекті мәселе

Тараз қалалық сотында Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі, салалық кәсіподақ ұйымдары жетекшілері мен бірқатар судьялардың және облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы мамандарының қатысуымен «Жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары бойынша өзекті мәселелер. Еңбек дауларын соттан тыс және сотқа дейін шешуде кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров бүгінгі таңда еңбек дауларын соттан тыс және сотқа дейін шешуде кәсіпорындар мен ұйымдардағы келісім комиссияларының жұмысын жандандырудың өзектілігін айтты.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысында жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында еңбек қатынастары барысында орын алатын түрлі жағдайларды соттан тыс және сотқа дейін шешу мәселесіне қатысты кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, ұйымдардағы келісім комиссияларының жұмысын формализмнен арылту, келісім комиссияларының шешімі орындалмаған жағдайда жұмыс берушілердің жауапкершілігін заңды түрде қарастыру, келісім комиссиялардың құрамын күшейту, еңбек дауларының алдын алу, ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу және т.б.

Жиын соңында сот өкілдері отырысқа қатысушыларға өз ұсыныстарын жоғарғы органдарға жолдау үшін жазбаша беруін сұрады.