Қызылордада ​ ІІ облыстық Медиаторлар слеті өтті

23 желтоқсанда Қызылордада ІІ облыстық Медиаторлар слеті өтті. Слетке облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, медиация саласына қатысты құзырлы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, кәсіподақтар, кәсіби, қоғамдық медиаторлар қатысты. ​ Медиаторлар слеті барысында Қазақстан халқы ассамблеясының өңірде медиация институтын дамыту бағытындағы жұмыстары, медиаторларға қолдау көрсету және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Жиында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамов медиаторлар қызметін жетілдіру туралы сөзінде облыста кәсіби медиаторлардың басын қосып, халыққа қызмет жасаған Татуластыру орталығының 2018 жылғы оң нәтижелі жұмысын атап өтті. Бұл жобаның Қазақстан Республикасы Жоғарғы​ соты мен Кәсіподақтар Федерациясы арасындағы ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде ​ облыс әкімдігі қолдауымен жүзеге асырылып, әлеуметтік нысан ретінде облыс халқына медиаторлық қызмет көрсеткендігі ​ және бұл жұмыстың алдағы уақытта жандануына жұмыс жасалуы қажеттілігі ​ айтылды.