Сенаторлармен кездесуде келелі мәселелер қозғалды

8 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров, Мұратбай Жолдасбаев, Абдалы Нұралиевпен кездесу өтті.

Облыстың басшылығы, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен өткен арнайы кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары 2019 жылы қабылданған бірқатар заңдар туралы, солардың ішінде әлеуметтік маңызы бар заң актілерінің қабыдауы мәселелерімен хабардар етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерін баяндап берді.

Кездесу барысында облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты М. Төлепберген әлеуметтік әділеттілік пен бірлік, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбек адамына лайықты жағдай жасау туралы өзекті мәселелерді қозғады. Бұл тұрғыда Сенаторлар өз ойларын ортаға салды.

Сенаторлар ертең облыстық кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен арнайы кездесуге келісті.