Кәсіподақ қызметінің маңыздылығы талқыланды

Ағымдағы жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері  кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Маңғыстау аумақтық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында Қарақия ауданының филиалының төрайымы, есепшісі және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысқан ауқымды семинар өткізілді. Семинарға барлығы – 30 адам қатысты.

Семинарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері  кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова  және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова жүргізді.

Осы шара аясында педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби мәртебесін, олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға қатысты Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім  беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын  және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында  жұмыс істейтін  педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу, Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы, филиалдың  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына жылдық есеп беру нысандары бойыншабаяндамалар оқылды.

Семинар жұмысының барысында еңбек жалақысына қосылатын пайыздар, сауықтыруға төленетін жәрдемақы туралы өзге де мәселелер талқыланып, кәсіби түрде түсініктемелер берілді.

Қатысушыларға әдістемелік құралдар: жоғарыда аталған бағдарламлар мен бұйрықтар электрондық жүйеде жеткізілді, хаттама үлгілері, мүшелік билеттер, жұмыс берушінің актілерінің үлгілері екі тілдегі нұсқаларда таратылды. Семинар мазмұнды әрі тартымды өтіп, көптеген қосымша да берілген сауалдарға толыққанды жауаптар беріліп, қанағаттандырылды.