Экологиялық жағдай тұрақты қоғамдық бақылауда болуы тиіс

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің отырысында экологиялық мәселелер қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков экология саласындағы уәкілетті органдар өкілдерінің назарын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ табиғатты қорғау бойынша іс-шаралары (Қарағанды облысы бойынша атмосфераға шығарындылары 47%-ды құрайтын Қарметкомбинат) Теміртау қаласы тұрғындарының экологиялық жағдайын жақсартуға толық көлемде бағытталуы тиіс екеніне аударды.

Талқылауға Еркара Аймағамбетов, Қуаныш Омашев, Николай Дрижд, Гүлнар Қорғанбаева, Құдайберген Бексұлтанов, Ермек Әбілдин, Марат Миргаязов, Амангелді Жантасов, Нұркелді Омарханов қатысты.