Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашан да айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты, тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.   Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі саналады.

Осыған орай  «Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі» тақырыбындағы дөңгелек үстел Үшарал қаласындағы №2 орта мектебінде өз жалғасын тапты. Жаңа бағытта білім беріп жатқан ұстаздар үшін  оңтайлы шешімдер дер кезінде қабылданғанын ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қолдады.

Ел­басының бастамасымен қо­ғам­­ның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақ­сылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ.

Осы заңды талқылау барысында «Үшарал қаласының № орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ директоры Эльмира Сәкенқызы Қабдолдаева сөз бастап, ұжымды «Педагог мәртебесі туралы» заңдағы ұстаздар қауымы үшін оңтайлы жақтары мен талаптарын  жеке – жеке атап өтті. Сонымен қатар мектеп басшысы педагог ұжымы үшін  «Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы 21 баптан тұратынын,  Жалпы, заң жобасының төрт бағытымен таныстырды:

Біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту.

Екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту.

Үшіншіден, материалдық емес ынталандыру тетіктері, сондай-ақ

төртіншіден, материалды ынталандыру” бүгінгі  ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім деп, өз  сөзін қорытындылады.

Дөңгелек үстел барысында жиылған қауымға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алпысбаев Кенжебек Сибағатұлы педагог мәртебесін айқындайтын, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін негізгі ұғымдарды түсіндірді.

Кенжебек Сибағатұлымен  өткен кездесуде мектебіміздің ұстаздары да  пікір білдіруден қалыс қалған жоқ.  Атап айтсақ, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті ұстазы Ахмадиева Дамира Берденқызы  заңдағы  12-баптағы  көрсетілген «Әлеуметтік кепілдіктері» туралы өз ойын жеткізіп, оны толық қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ  тарих және қоғамтану пәндерінің бірлестік жетекшісі Садыкова Гульзада Касымханқызы: “Педагогтің көтермеленуге құқығы» туралы заң  әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру,  қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (Әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету осының тағы бір айқын дәлелі  іспеттес екенін айтты.  Әрбір пікір, әрбір ой  әр ұстаз үшін маңызды. Ұстаз  болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. … Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген жан бола білуі шарт. Сол сияқты мен де 10 жылдық ұстаздық тәжірибемде әр балаға Абайды оқыта, Абайдың дара да дана жолымен жүруді үйрете отырып, ертеңгі қоғамға қажетті тұлға етіп тірбиелеу менің ұстаздық міндетім. Мен үшін бүгінгі қабылданған заң менің шабытыма шабыт берері хақ. Маған жасалған мәртебе мен  жүктелген міндет ауыр. Осы міндетті ұғына отырып, жас ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – менің ұстаздық парызым деп білемін. «Ұстаз мәртебесі туралы» заң бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор қадам болмақ”.