Ұлы дала тарихы – ұлт мақтанышы

Жуырда Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 6655 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлы дала тарихы – ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағатын өткізді. Шараның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Тәуелсіздіктің тұғырына көтеріліп, көк байрақты желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқап келе жатқан  мемлекеттілігіміздің мәңгі салтанат құруына аянбай тер төгіп, көш бастаған кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген жолдаулар мен жарғылар, бағыт-бағдар мен бағдарламалық мақалаларды көпке ұсынып келе жатыр. 2018 жылдың 21 қарашасында Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының заңды түрде жалғасы ретінде “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласы жарық көрді. Мақаланы автордың “Кеңістік-барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тариxы басталады”, -деп бастауының өзінде салмақты да салиқалы ой жатыр.

Кітапханашылар Назерке Мұратбекқызы «Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі» тақырыбында баяндама жасап, Гүлнұр Ергенқызы «Ұлы даланың жеті қыры», ал Шырайлым Оралбайқызы Қалқаман Сариннің «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Сонымен қатар 6655 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Тукенов Марғұлан Қуатұлы Елбасының мақаласында айтылған құнды ой-пікірлер тарихи сананы жаңғыртуға бағытталғаны жайлы айтып өтті. сарбаздары Елбасының мақаласы туралы ойларын ортаға салып, өз пікірлерін білдірсе, Аққұл Нұрдаулет әсем ән шырқады.

Шара барысында «Өткенді ұлықтау – тарихты ұмытпау» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Алтынай Мажитқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик көрсетілді. Еліміздің еңсесін биікте ұстайтын, есімін асқақтатын ұлтжанды Отансүйгіш азаматтар көп болсын.