Қаратал ауданында семинар өтті

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қызметкерлері бастауыш кәсіподақ төрағаларына арнап, «Кәсіподақ қызметінің негіздері және оны нығайту жолдары» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған шараға Қаратал ауданындағы білім беру мекемелеріндегі 40 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Самал Бакирова сөз алып,  кәсіподақ жұмысындағы ұйымдастыру мәселесіне тоқталып, кәсіподақ жарғысы мен ережесіне сәйкес жұмыстың жүргізілу ретін көпшілікке насихаттады. Сонымен қатар, еңбек ұжымында туындайтын дауларды және оларды шешу жолдарында түсіндіріп берді.

Ал, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Нариман Естібаев болса,  білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау және еңбек инспекторларының жұмысын баяндап, қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жайын сөз етті.

Ұйымның бас маманы Ләйлә Сағынғалиқызы бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы құжаттардың жинақталуы және іс номенклатурасына сай сақталу барысын айтты.

Семинар қатысушылары тарапынан туындаған сұрақтарға облыстық ұйымның қызметкерлері жауап беріп, бірлесе жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.