ҚР Кәсіптік одақтары федерациясының «Қазақмыс» корпорациясында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты түсіндірмесі

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің 21-қаңтар күні  «Қазақмыс» корпорациясында орын алған қайғылы  оқиғаға түсіндірме беру туралы өтініштеріне орай,  Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтары федерациясы өз өкінішін  білдіреді.

Біз үшін адам өмірі қымбат. ҚР Кәсіптік одақтары федерациясы  марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады және зардап шеккендерге  сауығып кетуге тілектестігін білдіреді.

Кез-келген дау мен шиеленіс заң аясында  шешілуі тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алдын-ала болжам жасаудан аулақ болуға және заң шеңберіндегі тергеу жұмыстарының аяқталуын күтуге шақырамыз.

Сонымен қатар, «Кәсіпқорған» жергілікті кәсіподағының «Қазақстанның Еңбек  Конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар  бірлестігінің құрамына кіретінін хабарлаймыз (төрағасы Машкенов. М.Р).

 

ҚР Кәсіптік одақтары федерациясының баспасөз қызметі