Педагог мәртебесін арттыру – уақыт талабы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Өркениеттің бастауы – мұғалімнің мәртебесі» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Бұл жиынға Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Қараулов, Жамбыл облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Үскімбаева, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Жамбыл облыстық ұйымының Біріккен комитеті» филиалының төрағасы Ж.Орынбеков, жоғары оқу орындары мен орта білім беру ұйымдарының жетекші қызметкерлері мен ұстаздар қауымы қатысты.

Дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларға алғы сөз айтқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Г.Медетбекова «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жуырда қабылданғанын, оның педагог қызметкерлері үшін оңтайлы тұстарын айтып, түсіндіріп беру үшін спикерлерге сөз берді.

Алғашқы болып сөз алған Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Қараулов аталған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның маңызы мен рөліне, оның педагог қызметкерлері үшін берер мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, айтып берді. Сонымен қатар, осы заң аясындағы жаңа нормаларға сәйкес туындаған әкімшілік жауапкершіліктер жайлы да сөз етті.

Жалпы, спикерлер өз салалары бойынша тұшымды жауап беріп, көпшілікпен ой бөлісті.

Дөңгелек үстел жиналған ұстаздар қауымының мамандарға, спикерлерге жаңа заңға қатысты сұрақтар қойып, бірге талқылауына ұласты.