«Қазкөміркәсіподағы» кәсіподағының қарағандылық кеншілері өз еңбек құқықтарының қорғалуын ҚР Кәсіподақтар федерациясына сеніп тапсырды

Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының қатары толығуда.

Бас кеңес мүшелері Федерация құрамына өз қатарында 15 мың кеншіні, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің жұмысшыларын біріктіріп отырған жаңа «Қазкөміркәсіподағы» көмір өндірушілер салалық кәсіподағын қабылдады.

Кеншілердің «Қазкөміркәсіподағы» жаңа кәсіподағы 2001 жылы құрылған «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы базасында құрылды.

«Қазкөміркәсіподағының» төрағасы Марат Миргаязов ҚР Кәсіподақтар федерациясы кеншілердің құқығын әрқашан қорғап отыратынын атап өтті.

«Біз Кәсіподақтар федерациясымен бірге екенімізді әрқашан сезінеміз. ҚРКФ арқасында кеншілердің көптеген мәселелері өз шешімін тапты», – деп атап өтті М. Миргаязов.

Өз кезегінде ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов еңбек адамының құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін айрықша атап өтті.

«Қазақстандық кеншілер ең қауіпті және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасайды. Осы орайда, олар өз құқықтарының сенімді қорғалуын қажет  етеді. ҚРКФ мүше ұйымдардың алдында тұрған басты міндет – лайықты еңбек шарттарын құру, тұрақты жалақы және қарапайым еңбеккерлердің мүдделерін толыққанды қорғау», – деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

Көмір өндірушілер кәсіподағы мүшелерінің пікірінше, «Қазкөміркәсіподағының» ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіруі тау-кен металлургия өнеркәсібінің жұмысшыларының мүдделерін қорғауда күш біріктіруге және әлеуметтік әріптестіктің жоғары деңгейінде диалог жүргізуге мүмкіндік береді.

 Т. Күзембаев атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы Қалқаман Ахметов:

«Кеншілердің жаңа салалық кәсіподағын құру туралы идея көптен бері ойда жүрген еді. Бұл шешім уақыт талабы мен кеншілердің барлық мәселелерін шешу қажеттігінен туындап отыр. Яғни, жаңа қоғамдық бірлестік көп жылдан бері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кеншілерінің мүдделерін қорғап келе жатқан «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы базасында құрылды.

Күзембаев атындағы шахтаның кенжарында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановпен кездесу барысында біз ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының құрамына кіру арқылы дұрыс шешім қабылдап жатқанымызға куә болдық. Осы жылдар ішінде ол – әр кеншімен сөйлесу үшін 600 метр тереңдікке түскен осындай жоғары дәрежедегі бірінші басшы».

 И. Костенко атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы Владимир Кооп:

«Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы металлургтердің салалық кәсіподағының құрамында бола тұра, кеншілер мәселелерін жоғарғы деңгейге шығаруда нақты шектеулерге үнемі тап болатын. Біз кеншілердің салалық кәсіподағын құру және оның Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіруі кеншілердің құқықтарын нақты қорғауға және олардың әлеуметтік кепілдерін ұлғайтуға мүмкіндік беретініне сенеміз. Себебі, Кәсіптік одақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен өзара ынтымақтастықтың жоғары дәрежесіне қол жеткізді деп есептейміз»

 

 «Шахтинская» шахтасының кәсіподақ комитетінің төрағасы Айбек Тойбеков:

«ҚРКФ мүше болу арқылы қарапайым кеншілер саланың өзекті мәселелерін Парламент және Үкімет деңгейіне шығаруға мүмкіндік алды. Бүгінде біз ҚР Кәсіподақтар федерациясындағы өкілдік арқылы кеншілердің бастамаларын көтеру үшін бірқатар ұсыныстар әзірлеудеміз. Бұл орайда ҚРКФ басшысы Ералы Тоғжанов олардың көбісін қолдап, атап өтті. Бұл – кеншілердің зейнет жасы, кәсіптің ескіруі және кеншілердің әлеуметтік кепілдері».

Анықтама үшін: Бүгінде ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының құрамына 17 аумақтық және 24 салалық кәсіподақтар бірлестіктері кіреді. ҚРКФ мүшелерінің жалпы саны – 2 млн адам.