zakon.kz: “«Қазкөміркәсіподағы» көмір өндірушілер кәсіподағының 15 мың кеншісі ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының мүшелері болды”

Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының қатары толығуда.

Бүгін Бас кеңес мүшелері Федерация құрамына өз қатарында 15 мың кеншіні біріктіріп отырған жаңа «Қазкөміркәсіподағы» көмір өндірушілер салалық кәсіподағын қабылдады.

«Қазкөміркәсіподағы» төрағасы Марат Миргаязов ҚР Кәсіподақтар федерациясы кеншілердің құқығын әрқашан қорғап отыратынын атап өте келе, Бас кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.

 «Біз Кәсіподақтар федерациясымен бірге екенімізді әрқашан сезінеміз. ҚРКФ арқасында кеншілердің көптеген мәселелері өз шешімін табуда», – деп атап өтті М. Миргаязов.

Өз кезегінде ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов еңбек адамының құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін айрықша атап өтті.

 «Кәсіподақтардың басты мақсаты – қарапайым еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Бас кеңес мүшелері ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының ақпараттық саясатының жаңа концепциясын қабылдады.

 Концепция жобасын таныстырған ҚРКФ Медиа-орталық директоры Гүлмира Қаракөзова қызметте бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс пен қоғамды кәсіподақтардың еңбеккерлердің құқығын қорғау жұмысы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға басты көңіл бөлінетінін хабарлады.

Ералы Тоғжанов ҚРКФ барлық мүше ұйымдарын мемлекет тарапынан әлеуметтік-еңбек саласында өткізіліп жатқан негізгі реформаларды түсіндіруге және әлеуметтік әріптестік аясында оны жүзеге асыру бойынша ақпараттық алаңдағы жұмысты өзектендіруге шақырды.

 «Әр қарапайым кәсіподақ мүшесі қоғамда орын алып жатқан әр жағдайдан хабардар болуы және өз құқығының қалай қорғалып жатқанын түсінуі тиіс», – деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

Отырыс аясында Қостанай облысының кәсіподақтар орталығының кәсіподақтардың балабақшаларын құру тәжірибесі таныстырылды.

Қостанай облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Екатерина Смышляева мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс жүргізетін өңірлердегі кәсіптік одақтар мүшелерінің балалары үшін мектепке дейінгі ұйымның қызметі туралы айтты.

Оның айтуынша, балабақшаларды құру медициналық, көлік, білім беру, машина жасау, кәсіпкерлік, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі пошта байланысы кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, кәсіподақтардың балабақшаларында 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі 198 бала мектепке дейін білім мен тәлім-тәрбие алады.

Мектептің жұмыс уақыты ата-аналардың жұмыс уақытына бейімделген. Ұзартылған күн тобы, демалыс күн тобы қызмет етеді. Жұмыс күндері балабақшалар сағат 21.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Ералы Тоғжанов Қостанай облысының кәсіподақтар орталығының озық тәжірибесін атап өтіп, ауыстырмалы және арнайы жұмыс уақыты бар жұмысшылар үшін осы мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік маңыздылығының зор екендігін көрсетті.

ҚРКФ басшысы еңбеккерлер мен олардың отбасыларының мүшелерін қолдау үшін осындай әлеуметтік жобаларды барлық жергілікті кәсіподақ ұйымдарына енгізуге шақырды.

ҚРКФ Бас кеңесі бірқатар кадр мәселелерін бекітті.

Яғни, Бас кеңес мүшелерінің шешімімен ҚРКФ төрағасының орынбасары Ержан Егембердиевтің, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Киікбай Жаулиннің, Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Майра Амантаева мен ҚРКФ «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Еспенбет Қалшораның қызметтегі өкілеттігінің тоқтатылуы себебінен Бас кеңес мүшесі өкілеттігі тоқтатылды.

Бас кеңестің жаңа мүшелері ретінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Мержан Тұманов, сондай-ақ ҚРКФ «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Дария Хамитжанова сайланды.

Бас кеңес 2020 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезін өткізу туралы шешім қабылдады.

https://www.zakon.kz/5004526-15-tysyach-shahterov-profsoyuza.html