Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы жемісті өтті

2020 жылдың 30 қаңтарында елорда төрінде орналасқан «Кәсіподақтар үйінде» Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының күшімен ұйымдастырылған қалалық «Кеңейтілген үйлестіру кеңесінің отырысы» өтті.

Бұл маңызы зор жиынға қаланың 10 салалық және 6 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен өкілдері белсенді қатысып, баяндаушы азаматтарды мұқият тындап, пікір алмасты.

Күн тәртібі бойынша, қалың жұрт алдында, бірнеше маңызды сұрақтар көтерілді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының 2019 жылда атқарылған іс-шаралары мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары, ҚРКФ ақпараттық саясат тұжырымдамасы, әлеуметтік инвестициялық орталық, еңбекшілер арасындағы 1-ші қысқы бүкілқазақстандық Спартакиада, дүние жүзіндегі келешек мамандар туралы баяндамалар мен ойлар ортаға салынды.

Жиналыс спикері, елордалық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев Қазақстан кәсіптік одақтар тарабынан қандай жоспарлар, жаңа технологиялар, кәсіподақтың жандандыру жұмыстарын арттыру мәселелері туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының баспасөз хатшысы Зейнет Мұсабаева жуырда ғана бекітілген «Ақпараттық саясат тұжырымдамасы» туралы қызықты және керекті, қазіргі заманға сай, ақпараттармен кәсіби деңгейде бөлісті.

ҚРКФ қарасты «Оқыту орталығының» директоры, қоғам белсендісі, блогер Нұрлан Досымов жиналған жұртқа мекемелерінде керекті «брэнд бук», сайттарды және әлеуметтік желідегі парақшаларда «ребрендингті» заманға сай қалай істеу әдістерімен бөлісіп, таныстырды.

Қалалық «Келешек» кәсіподақтарының төрағасы Төлеген Қүнәділов және елордалық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жұмаш кәсіподаққа қоғамның оң пікірін қалай қалыптастыруға және оның рөлін қалай көтеруге болатыны туралы өз ұсыныстарын да ортаға салды.

Аталған Кеңес отырысы қызықты және пікір-таласқа толы болып аяқталды.