Еңбек адамының құқығы әрқашан қорғалуы тиіс

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов аймаққа жұмыс сапармен келген “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашевамен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі кәсіподақтар қозғалысының тынысы, салалық кәсіподақ жұмысы, білім саласы мәселелері талқыланды.

Айгүл Мұқашева облыс кәсіподақтарының білім саласы еңбеккерлерінің еңбек әлеуметтік мүдделері жолындағы​ ынтымақтастық жұмыстары жалғасатындығын атап өтті. Серік Сермағамбетов облыстық салалық кәсіподақ ұйымына жаңадан сайланған көшбасшы Гүлнар Есқалиеваны төрағалыққа сайлануымен құттықтап, алдағы ​ жұмыстарға сәттілік тіледі.​