Пошта қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымына жаңа төраға сайланды

“Пошта қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” республикалық бірлестігінің төрағасы Абылай Әбішев Қызылорда облысына іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов салалық кәсіподақ төрағасымен кездесті. Республикалық салалық кәсіподақ төрағасымен өткен кездесуде Серік Сермағамбетов пошта қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жұмысын жандандыру, өзекті мәселелерді бірлесе шешу, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын көтерудегі басымдылықтарға тоқталды.

Жуырда «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы негізіндегі облыстық салалық кәсіподақ ұйымының шешімімен облыстық ұйым төрағасы болып Орынбасар Альменаев сайланды. Орынбасар Альменаев салада 2003 жылдан бері жұмыс жасайды, осы уақытқа дейін қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан.