Құрылыс саласында әлеуметтік әріптестік нығаюда

Кәсіподақ орталығының өкілдері құрылыс салушылар қауымдастығы мен Қарағанды облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс саласы кәсіпорындарының басшыларымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын сақтау және қолдану мәселелері бойынша Дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Шара Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Любарскаяның төрағалығымен өтті.

Қатысушылар жұмыс барысында туындайтын құрылыс саласы қызметкерлерінің еңбек ақысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелермен және тәжірибелерімен алмасты.

Татьяна Шатохина – Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту, ұжымдық, еңбек жеке шарттарын жасау және құрылыс саласында кәсіби мамандарды дайындау қажеттілігі туралы ұстанымын айтты.

Белсенді диалогқа «АСПАП» ӨК директоры Төлеген Әшімов, Қарағанды облысы бойынша бас маман – Мемлекеттік еңбек инспекторы Камит Қаренов және басқалар қатысты.