#БізБіргеміз акциясы аясында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды – Еріктілер жылы деп жариялады.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған, Тұрсынбек Қабатов бастау салған #БізБіргеміз челленджы аясында “Түркістан облысы және Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” қаланың тазалығы мен көгалдандыруына елеулі еңбек сіңіріп жүрген “ЛТД-Тұрмыс” ЖШС жұмысшыларына қамқорлық танытуда.

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту – үй иесінің борышы деп түсінген орталық қызметкерлері жұмысшыларды жылы жерге кіргізіп, шайын беріп, арнайы демалыс орнын белгілеп берген. Таңның атысынан кештің батысына дейін қара жұмыс жасайтын жұмысшыларды бөліп-жармай, бірін – ана, бірін – әке, бірін бауырдай көретін орталық қызметкерлері осындай игі бастаманы қолға алды.