Жаңақорған шипажайында кездесу өткізілді

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов Жаңақорған ауданында орналасқан шипажайдың еңбек ұжымымен кездесу барысында ұжымды әлеуметтік әріптестік аясындағы 2019 жылда атқарылған жұмыстардың оң нәтижелерімен, шипажайдың республикалық «Парыз» конкурсында иеленген «Үздік ұжымдық шарт» номинациясымен құттықтады.

Сонымен қатар, кездесу аясында кәсіподақ мүшелеріне «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық​ кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы Ерулан Умирсериков таныстырылды.

Еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның еңбек құқықтарын сақтау, әлеуметтік мүдделерін ілгерілету бағытындағы облыстық, салалық кәсіподақтармен атқарылған жұмыстар барысы баяндалып, кәсіподақ мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалды.