“Келешек” жастарының тың идеялары кеңестің жалпы жоспарына енгізілді

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы “Келешек” жастар ісі жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы өтті.

Аталмыш отырыстың күн тәртібінде ақпан айында жоспарланған шаралардың ұйымдастыру бөлімдері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Біз біргеміз!” республикалық акциясын қолдау мақсатында кәсіподақ жастарының арасында күнтізбелік жоспар жасалды.

Салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарынан жұмысшы жастарды кеңеске қатыстыра отырып, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарында жастар иммунитетін қалыптастырып, құрамға белсенді араластыру ұсыныстары қаралды.

2020 жыл “Еріктілер” жылы болып белгіленуіне орай Кәсіподақтар орталығы жанынан ерікті жастар корпусын құрып, облыстық, республикалық іс-шараларға белсенді атсалысу жоспарлары жасалды.

Отырыс барысында кеңес мүшелерінің бірнеше ұсыныстары талқынды. Соның ішінде, “Білім және ғылым” қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының белсендісі Сүлейменов Мерген Қуанышұлы “Келешек” жастар кеңесін орталықтандыра отырып, облыстағы жастар бірлестіктерімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату ұсынысын жеткізді. Дәл сондай бастамамен “Келешек” белсендісі Гүлжанат Баймұқанова мұғалімдер мәртебісіне байланысты ұсыныстарын, “Келешек” белсендісі, Ақиқат пікірталас орталығы жастар қоғамдық бірлестігінің пікірсайысшысы Ниязбаева Гүлбағым кәсіподақ жастарының арасында қысқы спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастыру ұсыныстарын білдірді.

Келешек жастарының кемел ойлары, керемет ұсыныс-пікірлері кеңестің жалпы жоспарына енгізілді.