Салада жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі пысықталды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов пен «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподағының төрағасы Ерулан Умирсериков Шиелі ауданында іс-сапарда болып, «Гежуба Шиелі Цемент» зауытында кәсіпорын басшылығымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – кәсіпорында кәсіподақ ұйымын құру бойынша түсіндірмелер жасау. Кездесу барысында еңбек ұжымының еңбек-әлеуметтік мәселелері шеңберінде кәсіподақ ұйымының маңыздылығы, әлеуметтік әріптестіктің тиімді тетіктері туралы сөз қозғалды.

200-ден аса жұмыскерлер жұмыспен қамтылған кәсіпорында кәсіподақ ұйымын құру мәселесі біршама уақыттар бойы көтеріліп келеді, алда бұл жұмыстар оң нәтижесін беретіндігіне сенім бар.