Қарапайым жұмысшының құқығы заңды түрде қорғалуы тиіс

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейіржан Тұманов «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағанов және заңгері Назар Әбішевпен​ кездесу өтті.​

Кездесуге «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Бекгалыев және Мұнай-газ саласының қызметкерлерінің кәсіподақ филиалының төрағасы Мақсат Рзаханов қатысты.

Кездесу барысында облыстық кәсіподақтар үйінде «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ белсенді мұшелері Ғибрат Есенжанов пен Ерлан Ходжаназаров жұмысшылардың еңбекақыларын разрядтар бойынша​ қарастыру, операторлардын айлық жалақының арасындағы ақшалай айырмашылығы алшақтау, соған қоса атқарылған еңбек қатынастарын реттеу шаралары, еңбеккерлердің құқын қорғау мен әлеуметтік мүдделері үшін жасалған жұмыстар талқыланды.

Алдағы мақсатты жұмыстарды орындау барысы бойынша салалық кәсіподақ, спорттық шаралар және әр тақырыбында​ семинарларын өткізуге ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.