Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары

“Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Абай жолы” романы мен ұлы ақынның қара сөздерін толық оқып шығуды мақсат тұтты.

Осы орайда орталықтың қабылдау бөлімінде Әбу Насыр әл-Фараби мен Абайдың кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде “Абай жолы” романының қазақ және орыс тілдерінде басылған нұсқалары бар. Ол кітаптарды кәсіподақтар арнайы сатып алған. Кітап беттерінде басылған мөрді де байқауға болады.