shymkenttv.kz: “ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ШАҢ СҮРТТІ”

Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған «Біз біргеміз» челенжі Шымкентте жалғасын тапты. Эстафетаны Алматылықтардан қабылдап алған мегаполис жастары «Даңқ» мемориалындағы батырлар есімі қашалып жазылған қара мәрмар тастарды сүртіп, айналасын тазалады.

Еліміздің бас қаласында бастау алған челенж Шымкентте «Бейбітшілік үшін алғыс» атты акцияға ұласты. Жоба аясында белсенділер Абай саябағындағы  140 мыңнан астам соғыс ардагерлерінің есемдері жазылған гранит қабырғаның бетіндегі шаңын сүртіп, айналасын тазартты. Бұл жерде Оңтүстіктен шыққан 51-Кеңес одағының батыры мен 8 Даңқ ордені  иегерінің  семдері алтын әріптермен жазылған. Акцияның өтуіне   Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы мұрындық болды. Игі бастамаға «Келешек» жастар кеңесінің белсенділері бел буып  атсалысты.  Жастар жеңістің 75 жылдығы қарсаңында бабалар руқына осылайша тағзым жасады.

http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/shymkenttik-zhastar-shan-surtti