Кәсіподақтар 2020 жылға жұмыс жоспарын белгіледі

Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының Үйлестіру Кеңесінің кезекті жаңартылған құрамы отырысының күн тәртібінде Федерацияның 2020 жылының 24 қаңтардағы Бас Кеңесі қаулыларынан туындайтын міндеттер, ҚРКФ ақпараттық саясат Концепциясы сұрақтары талқыланды.

Жұмыс барысында төрағалық етуші Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова 2020 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырды. Шара барысында кәсіби медиатор З.Шатикова медиация практикасындағы мәселелерге тоқталып, облыстық кәсіподақ ұйымдары төрағаларының ұйымдастыру сұрақтарына жауап берді және жылдық жұмыс жоспарын таныстырды.

Кеңес мүшелеріне ақпараттық салада қызмет атқаратын бөлімшелерді кадрлық, ұйымдастыру-техникалық нығайту бойынша жұмыс жүргізу және Концепцияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Үйлестіру Кеңесінің күн тәртібіне сәйкес “Қазақстандық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ БҚО филиалы төрағасы М.Құсайынов кәсіподақ ұйымының 2019 жылғы жұмысын қорытындылау мақсатында есептік баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, биылғы жыл Мемлекет басшысының жариялауымен «Еріктілер жылы» аталуына сәйкес «Келешек» жастар кеңесінің жұмысын жандандыру шешімі қабылданды.