Абай – дана, Абай – дара қазақта!

“Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Абай жолы” романы мен ұлы ақынның қара сөздерін толық оқып шығу туралы бастама көтерді. Орталықтың қабылдау бөлімінде Әбу Насыр әл-Фараби мен Абайдың кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылған.

Сондай-ақ, “YNTYMAQ” салалық кәсіподақ орта-және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалдарының төрағасы Бауыржан Әлкеев те қатардан қалмай өз кабинетіне Абай бұрышын орнатыпты. Бауыржан Ілімшаұлы күнделікті Абайдың қара сөздерін оқып тұрады.

Оның айтуынша, Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл – өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.