Өзара ынтымақтастық нығая түсуде

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нарбаевпен кездесті.

Кездесуде Казақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов пен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлесіп атқаратын жұмыстар жөнінде ой бөлісіп, нақты іс-әрекеттерді атқаруға мән берілді.

Әлеуметтік әріптестік негізінде жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін бірлесіп қорғау ортақ мемлекеттік мүдде тұрғысында көрініс тауып отыр.

Меморандумға сәйкес әлеуметтік-еңбек қатынастары саласы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және қоғамдық еңбек құндылықтарының маңызын айқындай түсуге жан-жақты түсіністік танытты.

Өңірде еңбек қатынастарына қатысты қандай мәселелер бар, бұл жөнінде өзара ортақ іс-қимыл қажет екеніне назар аударылды.

Таяу күндері «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы комиссия төрағалары мен өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің жиыны өтетін болды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, Федерацияның «Келешек» жастар кеңесі мен «Jas Otаn» жастар қанатының белсенділері бірлесіп жұмыс істеу үшін де іс-қимыл жоспары әзірленетін болды.