Тарихқа құрмет көрсету – ұрпақ парызы

«Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесі қалалық Жастар ресурстық орталығы мен NEET бөлімімен бірлесе «Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай қала жастарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге шеру өткізді.

Шара барысында музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалды.

Сондай-ақ, музей ортасына қойылған «Репрессия» композициясының ерекшелігі көрсетіліп, экспозиция залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен таныстырылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қысқаметражды фильм жастардың назарына ұсынылды.