Қызылордада жұмыссыздық 4,7 пайызға төмендеген

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің алдында берген 2019 жыл қорытындысы бойынша есебінде облысы әкімі Қ.Ысқақов облыста өткен жылы жұмыссыздықтың 4,7 пайызға төмендегенін айтты.

Есептік кездесуге облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Yntymaq» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық​ кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ерұлан Өмірсеріков ​ қатысты.

«Қазіргі таңда жергілікті билік кәсіпорындарда қызметкерлерді жаппай қысқартуларды болдырмай және жұмыссыздық деңгейін республикалық ​ көрсеткіштен асырмау мақсатында нақты жұмыс жасауда», – деді аймақ басшысы.

Облыста 3 жылда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны 24 пайызға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 7,5 пайызға артқан. 2020 жылы аймақта ас тұзын өңдеу және йодтау зауыты, 4 мың тонна балық өңдейтін цех, қуаты 1500 тонна құс фабрикасы іске қосылатындығы мәлімделді.

Өңірде өндіріс орындарының ашылуы мен жергілікті жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуы мәселесі бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуы күтіледі.​