Кәсіподақтар мен көшбасшы партияда – ортақ мақсат

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген мен «NUR OTAN» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл айтулы іс-шараға өңірдің кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, партия филиалы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға мұрындық болған себеп – осы жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Е.Тоғжанов пен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің республикалық деңгейде кәсіподақ өкілдері мен мүшелерінің бірлескен ортақ мақсат – әлеуметтік әріптестік негізінде жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін бірлесіп қорғау болды.

Жиында көпшілік алдында сөз сөйлеген өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген мен партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаевтың да айтқандары – ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін тараптар өздерінің ресурстары мен әлеуеттерін толық пайдаланып, қоғам мен еңбек адамының мұң-мұқтажын бірлесе шешу болып табылады.

Тараптар осы меморандум аясында алдағы уақытта ауқымды жұмысты атқарудың бірлескен іс-шаралар жоспарын құрып, оны жүзеге асыруға белсене жұмылуға уағдаласты.