Еңбек ұжымдары арасында Еңбек заңнамасы кеңінен насихатталуда

“YNTYMAQ” салалық кәсіподағының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы Өмірзақ Бектаевпен бірігіп, «Жібек Н.М.» ЖШС-і мен «Феб Групп» ЖШС-нің еңбек ұжымдарына Еңбек заңнамасы түсіндіріп қайтты.

Атап айтқанда, еңбекақы, сыйақы, әлеуметтік төлемдерді кешіктіруді болдырмау, әлеуметтік шиеленістер мен  еңбек жанжалдарының алдын алу, өндірістік жарақат  пен зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарын азайту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар,  «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес салалық кәсіподағының төрағасы Бауыржан Әлтеев ұжымдық шарт жасасу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы айтып берді.

Жұмысшылар Еңбек заңнамасы бойынша көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.