Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

Маңғыстау облысы  кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейіржан Тұманов пен “Келешек” жастар кеңесінің мүшелері “Ардагерлерді ардақтау” акциясы аясында  Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығы  қарсаңында соғыс ардагері Василий Иванович Салазкиннiң үйiне барып, ардагерді келе жатқан мерекемен құттықтады.

Ардагер кәсіподақ мүшелерімен  сұрапыл жылдар естелігімен бөлісіп, бүгінгі бейбіт өмірдің баянды болсын деген тілегін білдірді.

Кездесу соңында кәсіподақ өкілдері ардагерге  сый-сияпат көрсетті.