Үйлестіру кеңесінің отырысында еңбек қатынастарын нығайту мәселесі қаралды

Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығында бірлестік төрағасы М. Тұмановтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кәсіподақтар орталығының төрағасы М. Тұманов ҚРКФ Бас кеңесінің 2020 жылғы 24 қаңтарда өткен отырысының қорытындысы туралы баяндады. Федерацияның ақпараттық саладағы жұмыс мақсаттарына, міндеттеріне, принциптеріне және негізгі бағыттарына ресми көзқарастарының жиынтығын көрсететін ҚРКФ ақпараттық саясатының тұжырымдамасы егжей-тегжейлі қаралды.

Сонымен қатар, отырыста Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдау, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту және еңбек қатынастарында туындайтын мәселелер талқыланды. Бұл мәселелер өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында өзінің тиісті шешімін табады. Кәсіподақтың беделін көтеру үшін маңызды мәселе қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыру болды. Осылайша, наурыз айында «Кәсіподақтар үйі» қабырғасында қоғамдық қабылдау жұмысын бастау жоспарланған.

Отырысқа «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ш. Дүйсенов және Ақтау қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры Ж. Қосымбай қатысты.

Талқыланған мәселелер бойынша Үйлестіру Кеңесінің тиісті қаулылары қабылданды.