Қарағанды облысында «KELESHEK – 2020» кәсіподақ еріктілерінің лагері өз жұмысын бастады

Бүгін Қарағанды облысының «Саялы» шипажайы базасында «KELESHEK – 2020» кәсіподақ еріктілерінің лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Жастар лагерінің салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы – Айжан Таубебаева, Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары – Татьяна Шатохина, Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының басшысы – Нұржан Жетпісбай, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы – Дария Хамитжанова, «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры – Тоқтар Болысов, Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары – Елнұр Бейсенбаев, Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы – Тоқтар Болысов, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КГУ директоры – Бахтияр Перналиев қатысты.

Іс-шара аясында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі арасында өзара әрекет ету және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жастар іс-шарасына қатысу үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы», «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы», «YNTYMAQ» қазақстандық шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы», «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалдарының жастар кеңестері, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық және Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымдары, «Кооперация, кәсіпкерлік және қызмет қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «КәсіпҚорған» тау-кен металлургия кәсіпорындары және аралас өндірістер қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ, «Қазақстан темір-жол компаниясы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ, «ҚАМҚОР» кәсіподақ ұйымы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жастар Одағы, Jastar Bolashak, «Қарағанды облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасы және Жастар ресурстық орталығы өз өкілдерін жіберді.

Салтанатты ашылу рәсімінің соңында форумның  жұмысы белсенді басталды. Қатысушылар көтеріңкі әрі позитивті көңіл-күймен секциялар бойынша жұмысқа кірісті.