Өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Биыл Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжат аясында бұл бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова мен «NurOtan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде көптеген мәселелерді көтеріп, оларды шешуге ықпал ету көзделуде.

Сонымен қатар, партия жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін көздеу, ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша партиялық және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға бел буып отыр.

Келесі бір бағыт – партияның қоғамдық қабылдаулары мен кәсіподақтардың «Татуласу орталықтары» арқылы жұмыскерлердің нақты мәселелерін шешу. Осы орайда, облыстық партия филиалы мен облыстық Кәсіподақтар орталығы 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.